Accessibility links

Назарбаев пен Олланд Алматыға келді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Франция президенті Франсуа Олланд (оң жақта). Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Франция президенті Франсуа Олланд (оң жақта). Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция президенті Франсуа Олланд Алматыда "Сорбонна-Қазақстан" институтын ашты. Бұл туралы Ақорданың twitter парақшасы хабарлады.

Франция президентінің Қазақстанға ресми сапары 5 желтоқсан күні басталған еді. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше президенттер екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, мұнай-газ, ғарыш саласы және теміржол көліктерін құрастыру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.

Қазақстан президенті кездесуде Ресей мен Батыс қарым-қатынастарындағы күрделі жағдай туралы да пікірін білдірген. Ол Ресей экономикасының әлемдік экономикамен интеграциясы әлсіз болғандықтан, Ресейге қарсы санкциялар "ойдағыдай нәтиже бермейтінін" айтқан.

Назарбаев Украина дағдарысына қатысты "Олланд екеуінің қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын тауып, мәмілеге келу қажет деген ұстанымда екенін" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG