Accessibility links

Теңге әлемдегі «Үздік банкнот» атанды


2014 жылдың «Үздік банкноты» болып танылған «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнот. Скриншот Ұлттық банктің ресми сайтынан алынды.

2014 жылдың «Үздік банкноты» болып танылған «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнот. Скриншот Ұлттық банктің ресми сайтынан алынды.

5 желтоқсан күні Швейцарияның Лозанна қаласында жылдың үздік
банкноты жарияланды.

Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, Халықаралық банкнот
қоғамдастығы (International Bank Note Society) «Күлтегін» түркі жазба
ескерткішіне арналған, номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнотты ең
үздік деп таныған.

Ұлттық банктің деректеріне қарағанда, номинанттар ретінде байқауға АҚШ доллары (номиналы 100 долларлық банкнот), еуро (5 еуро), Канада доллары (10 доллар), Ресей рублі (100 рубль), Бразилия
реалы (5 реал), Ливия динары (5 динар), сондай-ақ Исландия, Ливан,
Соломон аралдары, Барбадос, Фиджи банкноттары қатысқан.

Алайда конкурс ұйымдастырушылары Қазақстан банкноттарының
жоғары сапасы мен қорғалу дəрежесін бағалап, «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнотты үздік теп таныған.

Теңге банкноттарының халықаралық байқауда жүлде алып отырғаны бірінші рет емес. 2011 жылы номиналы 10 мың теңгелік банкнот, ал 2012 жылы 5 мың теңгелік банкнот үздік деп танылған.

XS
SM
MD
LG