Accessibility links

Назарбаев пен Путин телефонмен сөйлесті


Ақорда. (Көрнекі сурет)
Ақорда. (Көрнекі сурет)

Ақорда 5 желтоқсан күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы әңгімелескенін хабарлады.

"Әңгіме барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының негізгі бағыттары мен әрі қарайғы даму мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Украинада қалыптасқан дағдарысты реттеуге байланысты пікір алмасты" деп хабарлайды akorda.kz сайты.

Ал Ресей президентінің ресми сайты (kremlin.ru) "Телефон әңгімесі Қазақстан тарапының ұсынысымен болды" деген. Сайттағы ақпаратқа қарағанда, Путин мен Назарбаев "Халықаралық, аймақтық өзекті мәселелерді және желтоқсанның аяғында Мәскеуде өтетін Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына дайындық барысын талқылаған".

XS
SM
MD
LG