Accessibility links

Олланд Қазақстаннан Ресейге аттанады


Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Милан, 17 қазан 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Милан, 17 қазан 2014 жыл.

6 желтоқсан күні Мәскеуде Франция президенті Франсуа Олланд пен Ресей президенті Владимир Путин кездеседі. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, жоспарланбаған кездесу Париж ұсынысымен өтпек.

Мұның алдында екі ел президенттері 15 қараша күні Австралияда (Брисбен) өткен "жиырмалық" саммитінде кездескен еді. ТАСС тілшісіне Франция сыртқы істер министрлігі кездесудің мазмұны не туралы болатынын айтпаған.

ТАСС агенттігі БФМ телеарнасының "кездесуде Украина дағдарысы мен Ресейге әскери кемелер беру жайы талқыланады" деген ақпаратын келтірген.

Олландтың Қазақстанға сапары бүгін аяқталады. Ол Парижге Мәскеу арқылы оралмақ.

XS
SM
MD
LG