Accessibility links

Хадиджа Исмаилді тұтқындаған Әзербайжан билігін айыптады


Хадиджа Исмаил.

Хадиджа Исмаил.

Негізгі халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Бакудегі танымал журналист, Азаттықтың Әзербайжан қызметінің тілшісі Хадиджа Исмаилдің тұтқындалуын (5 желтоқсан) айыптады.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы мәлімдемесінде бұл оқиғаны «баспасөз еркіндігіне жасалған шабуыл» деп атаған. «Хадиджа Исмаил (Хадиджа Исмайлова) - Әзербайжандағы санаулы тәуелсіз тілшінің бірі. Оның тұтқындалуы - оған қарсы жасалған соңғы амал» дейді ұйым өкілі Джон Далусен.

Мәлімдемеде "Адамды өзін-өзі өлтіруге жеткізді" деген айып күлкілі көрінеді, бірақ тілшіге 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр" деп жазылған. Журналист екі айға қамауға алынған.

Human Rights Watch халықаралық ұйымы Исмайлованың тұтқындалуын "сынды тұншықтыру" деп санайды. HRW өкілі Георгий Гогия Исмаилованың президент әкімшілігінің басшысы Рамиз Мехтиевтің оны Әзербайжан мүдделерін "сатты" деп айыптаған мақаласы шыққаннан бір күннен кейін тұтқындалғанын айтады. Мехтиев Исмаилованы "Батыстың ақшасын алып, ел ішінде бүлік шығаруды көздейді" деп кінәлаған.

«Шекарасыз тілшілер» ұйымы Исмаилованы дереу босатуға шақырды. Оның аты әлемдегі сөз бостандығы үшін күрескен 100 адамның тізіміне енген.

Бұл үш ұйым да тілшіні босатуды талап еткен әрі халықаралық қауымдастықты бұл іске араласуға шақырған.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы бойынша өкілі Дуня Миятович те тілшіні тұтқындауды айыптады.

«Исмайлованы тұтқындау - баспасөз еркіндігін тұншықтыру науқанының бір бөлігі» дейді Миятович. Ол бұл мәлімдемесін Базельде өткен ЕҚЫҰ министрлер кеңесінің 21-отырысында жасаған.

XS
SM
MD
LG