Accessibility links

Олланд Назарбаевтан соң Путинмен кездесті


Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, Внуково әуежайы, 6 желтоқсан 2014 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, Внуково әуежайы, 6 желтоқсан 2014 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд 6 желтоқсан күні Қазақстаннан Ресейге барды. Мәскеуге жоспарланбаған, асығыс сапар жасаған Франсуа Олланд Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Қысқа кездесуде не айтылғаны жан-жақты хабарланбады. Бірақ Олланд "Путинмен Мәскеудегі Внуково әуежайының дипломатиялық терминалында кездескенін, Украина дағдарысын талқылағандарын" хабарлады.

Кездесуден шыққан Путин "Ресейдің Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейтінін, бұл елдегі қақтығыстарды тоқтату туралы келісім іске асады және тараптар тұтқындар алмасады деп үміттенетінін" мәлімдеген.

Путинмен кездесуге дейін Франция президенті "Мүмкіндіктерді пайдалану керек. Қазір сондай уақыт" деп мәлімдеген еді.

Бұған дейін "Путин мен Олланд Францияның Ресейге беруі тиіс екі әскери кемесі туралы сөйлеседі" деген болжам болған еді. Алайда кездесуден кейін Путин "егер Франция кемелерді Ресейге бермеу туралы шешім қабылдаса, төленген ақшаны қайтарғаны жөн" деген.

XS
SM
MD
LG