Accessibility links

Айбек Нұғымаров үш дүркін әлем чемпионы атанды


Ресейдің Орынбор қаласында 6 желтоқсанда өткен қазақ күресінен әлем біріншілігінде Айбек Нұғымаров (+90 килограмм) чемпион атанды. Оның финалдағы қарсыласы ресейлік балуан Сослан Челохсаев болған. Қазақ спортшысы одан басым түскен.

24kz телеарнасының мәліметі бойынша, Айбек Нұғымаров осымен қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы болып отыр.

Орынборда өткен әлем чемпионатында қазақстандық балуандар 6 алтын алған. Олардың иелері - 2014 жылғы "Қазақстан барысы" Мұхит Тұрсынов (абсолюттік салмақ), Ғалымжан Әбдрахманов (70 килограмм), Тоқтар Қаракетенов (80 килограмм), Ғани Келдіқұлов (60 килограмм) пен Айдос Сейпілұлы (55 килограмм).

Қазақ күресінен өткен 5-әлем чемпионаты "Қазақстан барысы" сайтының "Вконтакте" желісіндегі хабарламасына қарағанда, Еуразия Одағының құрылуы және Қазақстанның алғашқы астанасы Орынбор қаласының құрметіне өткен. Оған Австрия, Венгрия, Германия, Грекия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия және Ресей сияқты бірнеше елдердің балуандары қатысқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG