Accessibility links

Қазақстанда бораннан бірнеше жол жабылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитеті 7 желтоқсан күні ауа-райының нашарлауына (боран) байланысты "Үшарал-Достық" автокөлік жолы (83-184 км) жабылғанын хабарлайды.

Бүгінгі ауа-райының құбылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" автокөлік жолы (528-593 км) да жабылған. Бұл жолдарға көліктің қандай түрі болсын жіберілмейді.

Бұған қоса, Қызылорда облысында 6 желтоқсан күні "Жосалы-Арал" (1645-1240 км) жолы; Ақмола облысында 7 желтоқсан күні "Жақсы-Есіл-Бузулук", "Астана-Петропавл" (304-341 км), "Көкшетау-Омск" (2-50 км), "Көкшетау-Рузаевка" (0-61 км), "Көкшетау-Атбасар" жолдары жабылғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG