Accessibility links

Қырғызстан аумағында жер сілкінді


Қырғызстанның таулы аймағы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның таулы аймағы. (Көрнекі сурет).

"Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, Алматыдан 548 километр қашықтықта жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4.46-да жер сілкінген.

Сейсмологтардың дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан территориясында болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 4.5-ті құраған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.

Өткен аптада, желтоқсанның 4-інде Алматы маңында да магнитудасы осы шамалас жер сілкінген. Қараша айында болған жер сілкінісінен кейін сейсмологтар бірнеше апта бойы афтершок болуы мүмкін деп ескерткен.

XS
SM
MD
LG