Accessibility links

Алматыда жұмыстан босаған дәрігерлер наразылық білдірді


Қалалық жедел жәрдем станциясының бұрынғы қызметкері Гүлнар Әбілдекова. Алматы, 19 қараша 2014 жыл.
Қалалық жедел жәрдем станциясының бұрынғы қызметкері Гүлнар Әбілдекова. Алматы, 19 қараша 2014 жыл.

Бүгін Алматыда қалалық медициналық жедел жәрдем станциясының жұмыстан босатылған қызметкерлері наразылық акциясын өткізді.

Жедел жәрдем станциясының жұмыстан босатылған қызметкері Гүлнар Әбілбекованың Азаттыққа телефон арқылы айтуынша, өзі мен станцияның тағы екі қызметкерін жұмыстан қараша айында шығарып жіберген. Олар өздері істеген жедел жәрдем станциясы алдында таңертеңнен бері өздерін жұмысқа қайтадан алуды талап етіп наразылық танытқан.

Қараша айында Алматыдағы жедел жәрдем станциясының қызметкерлері басшыларынан қысым көргендерін айтып баспасөз жиынын өткізген. Жиында жедел жәрдем дәрігерлері жұмыста талап қою күшейіп, жұмыстан өз еркімен шығуға өтініш жазуға мәжбүрлейтінін айтқан.

Бірақ жедел жәрдем станциясының басшылығы қызметкерлерінің айыптауларымен келіспейтінін білдірген. Станцияның бас дәрігері Біржан Оспанов дәрігерлердің жиынынан соң Азаттыққа тек екі-үш рет ескерту алған қызметкерлер ғана жұмыстан шығарылатынын айтқан.

Ресми есеп бойынша, бір жарым миллион халық тұратын Алматыдағы 10 аралық медициналық жедел жәрдем станциясында 2214 медициналық қызметкер (1137-і – фельдшер, өзгелері – дәрігерлер мен санитарлар) жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG