Accessibility links

ЖСДП биліктің компартияны тексеруіне алаңдады


ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай.
ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай.

Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) бүгін әділет органдарының Қазақстан коммунистік партиясын (ҚКП) тексеруіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме таратты. ЖСДП мәлімдемесінде тексеруді "бассыздық" және партияны "жоюдың басталуы" деп атады.

ЖСДП билік ұйымдастырған ҚКП "мүшелерінің санын тексеру "саяси оппозицияны тазалау" үшін жүргізіліп отыр деп есептейді.

Әділет министрлігі биыл партияның аймақтағы кейбір белсенділерінің шағымы бойынша ҚКП мүшелерінің санын тексеру өткізіп жатқан болатын. ҚКП жетекшісі Төлеубек Мақыжанов Азаттыққа тексерістің артында "саяси тапсырма тұруы мүмкін" дейді.

2004 жылғы сайлауда оппозицияшыл Қазақстан коммунистік партиясына парламенттен орын тимеген. Ал 2007 жылғы сайлауға қатысудан бас тартқан. 2012 жылы өткен парламент сайлауы қарсаңында сот ҚКП қызметіне алты айға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG