Accessibility links

Сот Козловтың шағымын кері қайтарды


Бүгін Қапшағай қалалық сотының судьясы Жайық Жанболатов тұтқындағы оппозицияшыл саясаткер Владимир Козловтың ЛА-155/14 колониясының бастығы Әбілғазы Еділовтің үстінен түсірген шағымын кері қайтарды. Бұл жайында Азаттыққа Козловтың адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

Козлов шағымында қамау жағдайын жеңілдететін тәртіпке ауысуына бөгет болған жазалардың заңдылығына күмән келтірген.

Владимир Козловтың адвокаты соттың шешіміне байланысты Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасына шағымдану ниеті барын айтты. Балғабаева шағымды қарамау туралы шешім Козловтың қатысуынсыз оқылғанын хабарлады.

Козловтың шағымы желтоқсанның 5-інде Алматы іргесіндегі ЛА-155/14 колониясында қаралған.

Оппозициялық "Алға" партиясының бұрынғы жетекшісі Владимир Козлов 2012 жылы Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыптармен жеті жарым жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG