Accessibility links

АҚШ-та белсенділер Бакуді тілшіні босатуға шақырды


Вашингтондағы Әзербайжан елшілігі алдындағы әзербайжандық журналистің қамаудан босатылуын талап еткен акция. Вашингтон, 8 желтоқсан 2014 жыл.

Вашингтондағы Әзербайжан елшілігі алдындағы әзербайжандық журналистің қамаудан босатылуын талап еткен акция. Вашингтон, 8 желтоқсан 2014 жыл.

Вашингтонда бір топ белсенді желтоқсанның 8-інде Әзербайжан елшілігінде Азаттықтың Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмаилованы босатуды талап етіп наразылық акциясын өткізді.

Наразылар елшілікке Бакуді журналисті босатуға шақырған плакаттарын тапсырды. Акцияны Әзербайжан грантын иеленген фотожурналист Аманда Ривкин ұйымдастырды.

Әзербайжан билігі желтоқсанның 5-інде Исмаилованы сотқа дейін екі ай мерзімге қамауға алған.

Хадиджа Исмаилова өзіне қарсы ер адам жазған шағым бойынша қамауға алынған. Шағымданушы ер адам Исмаилованы "өз-өзіме қол жұмсауға шақырды" деп айыптайды.

Желтоқсанның 8-інде АҚШ-тағы Хельсинки комиссиясының басшысы, сенатор Бен Кардин Исмаилованың қамалуына "қатты алаңдайтынын" мәлімдеген.

Мэриленд штатынан сайланған демократ Бен Кардин Исмаилова "Әзербайжан үкіметіндегі коррупцияны әшкерелеу әрекеті" үшін және саяси тұтқындарға көрсеткен қолдауы үшін әзербайжан билігінің "аяусыз қудалауына түсті" деді.

XS
SM
MD
LG