Accessibility links

Коалиция Иракқа ИМ-ге қарсы 1500 сарбаз бермек


АҚШ армиясының генерал-лейтенанты Джеймс Терри.

АҚШ армиясының генерал-лейтенанты Джеймс Терри.

АҚШ әскери қолбасшылығының жоғары шенді өкілі, генерал-лейтенант Джеймс Терридің айтуынша, радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы операциялар жүргізіп жатқан халықаралық коалиция Иракқа мың жарым сарбаздан тұратын қосымша әскер беруге уәде еткен.

"Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы операцияларды басқаратын Терри мың жарым сарбаз бұған дейін коалиция Ирак пен күрд сарбаздарын дайындауға деп жөнелтетін 3 мың 100 әскери қызметкердің қатарына қосылатынын айтады.

Терри келісім өткен аптада коалицияға кіретін елдер өкілдерінің конференциясында жасалғанын айтты. Бірақ ол нақты қай елдер әскер беретінін айтпады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің дерегі бойынша, коалицияға 60-қа тарта мемлекет кіреді.

XS
SM
MD
LG