Accessibility links

Қарабалин: жанармай арзандайды


Қазақстан энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.
Қазақстан энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.

Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин бүгін Астанада брифингте Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы арзандайтынын мәлімдеді.

Қарабалиннің сөзінше, Аи-92 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы бағасы бір литрі үшін 128 теңгеден - 115 теңгеге дейін, дизель отынының бағасы бір литрі үшін 115 теңгеден - 107 теңгеге дейін арзандайды. Ал Аи-80 маркалы бензин бағасы бұрынғыдай қала береді.

Қарабалин бензин бағасының тек "таяу уақытта" арзандайтынын жеткізгенімен, нақты мерзімін айтпады.

Кеше энергетика министрі Владимир Школьник заңға акциздердің бағасына өзгеріс енгізілгелі жатқанын және ол өзгеріс 2015 жылдың қаңтарынан бастап бензин бағасын арзандатуға әсер ететінін айтқан.

Қазақстанда Аи-92, Аи-80 маркалы бензин мен дизель отынының бөлшек саудадағы шектік бағасын үкімет белгілейді.

Биыл Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттап, билік оны әлемдік нарықта мұнай бағасының қымбаттауымен түсіндірген. Бірақ соңғы үш айда мұнай бағасы 30 пайызға арзандады.

XS
SM
MD
LG