Accessibility links

Аймақтық БАҚ форумында "бұғаттаудың аздығы" айтылды


Астанада бүгін Қазақстанның аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тұңғыш форумы өтіп жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, форумға аймақтық ақпарат құралдарының өкілдері, журналистер - барлығы 100-ге тарта адам қатысып жатыр. Форум үш сессиядан тұрады. Сессияларда ақпараттық кеңістіктің жаңа мүмкіндіктері мен қажеттіліктері, БАҚ-тың бәсекелестік жағдайында табысқа жетуі, БАҚ-тың корпоративтік және кәсіби стандарттары, ақпарат құралдарындағы жарнама, мультимедиялық журналистикада контент құру ерекшеліктері сияқты мәселелер талқыланып жатыр.

Жиынға "Таң" арнасының құрылтайшысы Арманжан Байтасов, президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры Дархан Қалетаев та қатысып жатыр. Жиында сөйлеген Ерлан Қарин Қазақстанның ақпараттық кеңістігі "тиісті деңгейде қорғалмағанын" айтты. Ол бұған мысал ретінде соңғы кездері радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының интернетте жариялаған "қазақстандық жиһадшылар" туралы роликтерін келтірді. Қарин Қазақстанда бірнеше күн бойы ашық болған роликті Қазақстанның құзырлы органдары "тек бұғаттаумен ғана шектеліп отыр" деді.

Форум соңында БАҚ-тағы жарнама және оны дұрыс сату жөнінде журналистерге арналған мастер-класс өтпек.

XS
SM
MD
LG