Accessibility links

Березовка тұрғындары көшіруді талап етті


Березовка ауылында улану белгісі бар баланы амбулаторияға әкеліп жатыр. Батыс Қазақстан облысы, 4 желтоқсан 2014 жыл.
Березовка ауылында улану белгісі бар баланы амбулаторияға әкеліп жатыр. Батыс Қазақстан облысы, 4 желтоқсан 2014 жыл.

Батыс Қазақстан облысындағы ондаған адамы уланған Березовка ауылы тұрғындарының бастамашыл тобы бүгін биліктен улану себептерін тексеріп жатқан комиссия шешіміне қарамастан өздерін басқа жаққа көшіруді талап етті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Оралда өткен баспасөз жиынында есінен танып ауруханаға түскен балалардың бірінің анасы Күнсұлу Сәрсенбаева журналистерге "дәрігерлер ата-аналарға анализдер медициналық тексерулердің қорытындысын әлі бермей отырғанын" айтты.

Жиында сөйлегендердің айтуынша, басқа жаққа көшіру туралы хатқа ауылдың 1 мың 500-дей тұрғынының 951-і қол қойған.

Облыс әкімінің бүгін таратқан баспасөз ақпаратында қарашаның 28-інен бері 91 адам дәрігерге қаралғаны айтылады. Стационарлық емдеуде бес бала жатыр.

Мұнай кен орнына жақын орналасқан Березовкада қарашаның 28-інде мектепте бір күнде сабақ үстінде 20-дан астам оқушы талып құлаған. Оқушылар мен мұғалімдерді қоса алғанда 31 адам бастары айналып, денелері тырысып, ауруханаға жеткізілген. Желтоқсанның 4-інде тағы бірнеше оқушы талып құлады. Олардың да бастары айналып, денелері құрысып, жүректері айныған. Облыс прокуратурасының ақпараты бойынша, Березовка ауылында қарашаның соңында оқушылардың улануы қарсаңында Қарашығанақ кенішінен күкіртті сутек қалдықтары шығарылған.

XS
SM
MD
LG