Accessibility links

Лавров: Астана мен Минск Батысқа қарсы санкцияны қолдауы мүмкін


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Швейцария, 5 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Швейцария, 5 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресейлік жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында «Ресейдің Батыс санкциясына қарсы әрекетін Қазақстан мен Беларусь қолдауы мүмкін» деп мәлімдеді.

Лавровтың айтуынша, Кеден Одағының құқықтың-нормативтік базасы одаққа қатысушыларға үшінші бір мемлекет жасаған экономикалық қысымға бірлескен қадамдар жасауға рұқсат береді.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков «АҚШ санкциясының мақсаты Ресей билігін ауыстыру мақсатында жасалынған секілді болып көрінеді» деп мәлімдеген.

АҚШ, одан кейін Канада, Австралия, Жапония және тағы басқа елдер Кремльдің Украинадағы әрекетінен кейін Ресейге қарсы санкция енгізген. Ресей бұған қарымта ретінде Батыстан әкелетін азық-түлікке тыйым салған.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG