Accessibility links

ЦРУ-дың азаптауына қатысы бар шенеуніктерді жазалауға шақырды


ЦРУ-дың Вирджиния штатындағы штаб-пәтері, АҚШ. (Көрнекі сурет).
ЦРУ-дың Вирджиния штатындағы штаб-пәтері, АҚШ. (Көрнекі сурет).

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті мен бірқатар құқық қорғау ұйымдары терроризм күдігіне ілінгендерге азаптау тәсілінің қолданылуына қатысы бар америкалық шенеуніктерді жауапқа тартуға шақырды.

Желтоқсанның 9-ында АҚШ сенаты Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) 2001 жылғы қыркүйектің 11-інен кейін терроризм күдігіне ілінгендерді тергеудің "аса қатаң тәсілдерін" қолданғаны туралы есебін жариялаған.

Баяндамада тергеу әдістері ""сенімді мәлімет алуға тиімді көмектеспегені" және тұтқынды тергеумен ынтымақтасуға көндіре алмағаны" айтылады.

БҰҰ-ның адам құқықтары және терроризмге қарсы шаралары жөніндегі сарапшысы Бен Эммерсонның мәлімдеуінше, сенат баяндамасы "Буш әкімшілігі айналасындағы жоғары шенділер ұстанған саясатты" әшкере еткен. БҰҰ өкілі терроризм күдігімен ұсталғандарға қарсы "аса қатаң тәсілдер қолдануға" бұйрық бергендерді жазалауға шақырды.

АҚШ-тың азаматтық еркіндік жөніндегі одағы әділет министрін азаптау бағдарламасын жасап, мақұлдаған, оны қолданысқа енгізген және азаптауды жасырған шенеуніктердің ісін тергейтін арнайы өкіл тағайындауға шақырды.

XS
SM
MD
LG