Accessibility links

Ресейлік оппозиционер Мохнаткин 4,5 жылға сотталды


Ресейлік оппозиционер Сергей Мохнаткин.

Ресейлік оппозиционер Сергей Мохнаткин.

Мәскеудің Тверь аудандық соты оппозиционер Сергей Мохнаткинді "полиция қызметкерлеріне күш қолданды" деген айыппен төрт жарым жылға соттап, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім кесті.

Тергеу деректері бойынша, оппозиционер өткен жылы желтоқсанның 31-інде Мәскеудің Триумф алаңында рұқсат етілмеген акцияда екі полиция қызметкерінің бетінен ұрып, оғаш сөздер айтқан.

Сот Мохнаткин үкім жарияланған сот отырысына келмегендіктен оған іздеу жариялады. Мохнаткин бұған дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған еді. Оппозиционер өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

2012 жылдың сәуір айында Ресей президенті Владимир Путин 2009 жылы желтоқсанның 31-інде Мәскеуде өткен тағы бір рұқсат етілмеген митингі кезінде милиционерге соқтығу айыбы бойынша екі жарым жылға сотталған Мохнаткинге рақымшылық жасаған.

Ресей оппозициясы мен Ынтымақтастық одағы Мохнаткинді саяси тұтқын деп санайды.

XS
SM
MD
LG