Accessibility links

Нобельдің бейбітшілік сыйлығы тапсырылды


Нобельдің бейбітшілік сыйлығы пәкістандық құқық қорғаушы Малала Юсафзай (сол жақта) мен үндістандық құқық қорғаушы Кайлаш Сатъяртхиге тапсырылды. Осло, 10 желтоқсан 2014 жыл.

Нобельдің бейбітшілік сыйлығы пәкістандық құқық қорғаушы Малала Юсафзай (сол жақта) мен үндістандық құқық қорғаушы Кайлаш Сатъяртхиге тапсырылды. Осло, 10 желтоқсан 2014 жыл.

Бүгін Норвегияның астанасы Осло қаласында Нобельдің бейбітшілік сыйлығы пәкістандық құқық қорғаушы қыз Малала Юсафзай мен үндістандық құқық қорғаушы Кайлаш Сатъяртхиге тапсырылды.

Белгілі блогер әрі қыз балалардың білім алуын жақтаушы Малала Юсафзайды екі жыл бұрын Пәкістанда талибтер атып жаралап кеткен еді. Ұлыбританиядағы Бирмингем қаласына апарып емдеткен Малала Юсафзай кейін сол елде тұрып қалған.

17 жастағы Малала Юсафзай Азаттыққа берген сұхбатында: "Балаларды мәжбүрлеп жұмыс істетуге болмайды, олар оқуын жалғастыратын мүмкіндікке ие болуы керек" деді. Ол ВВС арнасына берген сұхбатында саясатпен айналысып, Пәкістан премьер-министрі болғысы келетін арманын айтты.

XS
SM
MD
LG