Accessibility links

134 азамат адам саудасына байланысты сотталған


Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев. Астана, 24 қаңтар 2013 жыл.

Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев. Астана, 24 қаңтар 2013 жыл.

"Қазақстанда биыл 9 айда 134 азамат адам саудасына қатысты сотталған" деп хабарлады президент жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев бүгін Астанада өткен жиында. Оның айтуынша, елде адам саудасы кең таралмағанымен жыл сайын артып барады.

"Бас прокуратураның дерегінше, 2012 жылы 267 қылмыс, 2013 жылы 350 қылмыс, ал 2014 жылдың 9 айында - 262 қылмыс тіркелген" деді Тастемір Әбішев.

Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия адам саудасына қарсы шаралар жайлы арнайы баяндама ұсынған. Ақпарат агенттіктері ол құжатта мұндай қылмыстың алдын алуға, қылмыс құрбандарын арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жайына назар аударылғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG