Accessibility links

Ресей Өзбекстан қарызының көбін жоймақ


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Ташкент, 10 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Ташкент, 10 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Ислам Каримов желтоқсанның 10-ы күні Ташкентте кездесті. Осы кездесуден кейін екі елдің өзара қаржы міндеттемелерін реттеу туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге Ресей жағынан қаржы министрі Антон Силуанов пен Өзбекстан қаржы министрі Рустам Азимов қол қойды. Бұған дейін Силуанов "Кремль Ташкенттің 890 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қарызының көп бөлігін жоюға дайын екенін" мәлімдеген.

Екі ел билігі бұған қоса, Ресейге Өзбекстаннан ұзақ уақыт бойы ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдау туралы келісім жасасты. Батыс елдері бұған дейін Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты Ресейге қарсы санкциялар салған. Оған жауап ретінде Мәскеу Батыс елдерінен азық-түлік тауарлары мен көкөніс импорттауды шектеген.

Путин мен Каримов кездесуде экономикалық мәселелерден бөлек, аймақтағы қауіпсіздік, Сирия мен Ирактағы жағдайлар және НАТО әскері кеткеннен кейінгі Ауғанстандағы ахуал жөнінде талқылаған.

XS
SM
MD
LG