Accessibility links

"Астана" велокомандасы 2015 жылғы жарыстарға лицензия алды


"Астана" велокомандасының спортшысы Винченцо Нибали. Париж, 27 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

"Астана" велокомандасының спортшысы Винченцо Нибали. Париж, 27 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Халықаралық велоспорт федерациясы (UCI) "Астана" командасына 2015 жылға лицензия берді. Енді қазақстандық велокоманда алдағы жылы өтетін барлық жарыстарға қатысады.

Осыған дейін кейбір еуропалық басылымдар "Астана" командасы допинг дауына байланысты лицензиясынан айырылуы мүмкін" деген ақпарат таратқан еді.

Биыл "Астана" командасының екі мүшесі ағайынды Максим және Валентин Иглинскилер "допинг қолданды" деп айыпталып, спорттан шеттетілген.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG