Accessibility links

Мұнай арзандаған соң Уолл-стритте акция құлдырады


Нью-Йорк қор биржасы. (Көрнекі сурет).
Нью-Йорк қор биржасы. (Көрнекі сурет).

АҚШ қор биржаларында желтоқсанның 11-не қараған түнгі саудада негізгі компаниялар акцияларының құны біршама төмендеді. Нью-Йорк қор биржасында АҚШ-тағы ең ірі 30 корпорацияны қамтитын Dow Jones индексі 268 пунктке, яғни бір жарым пайызға арзандады. Мұнымен қатар, жоғары технологиялар компанияларының акцияларын құрайтын NASDAQ индексі мен ең ірі 500 компанияны біріктіретін S&P индексі де бір жарым пайызға төмендеді.

Сарапшылар акциялар бағасының арзандауын мұнай бағасының құлдырауы мен мұнайға сұраныстың азаюымен байланыстырады. Желтоқсанның 10-і күнгі сауданың соңында Нью-Йорк тауар биржасында қаңтар айына жасалған келісім шарттарда техастық мұнай бағасы бір барреліне 60 АҚШ доллары 94 цент деп белгіленді. Ал Brent маркалы мұнай баррелі 64 АҚШ долларына дейін төмендеді. Бұл маркалы мұнай 2009 жылдың шілде айынан бері мұншалықты арзандамаған.

Бұған дейін мұнай экспорттаушы елдер ұйымы - ОПЕК ай сайынғы есебін жариялаған. Онда әлемде мұнайға деген сұраныстың бұған дейін болжанғаннан да азая түсетіні айтылған.

XS
SM
MD
LG