Accessibility links

Дума Арменияның ЕАЭО-ға кіру келісімін мақұлдады


Армения президенті Серж Сарксян ЕАЭО-ға кіру туралы келісімге қол қойып отын. Минск, 10 қазан 2014 жыл.
Армения президенті Серж Сарксян ЕАЭО-ға кіру туралы келісімге қол қойып отын. Минск, 10 қазан 2014 жыл.

Ресей парламентінің төменгі палатасы - Мемлекеттік дума Арменияның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіруі туралы келісімді мақұлдады. Келісім мақұлданған желтоқсанның 10-ындағы жиынға думаның 450 депутатының 441-і қатысты. Олардың 440-ы келісімді қолдап дауыс беріп, біреуі қарсы болды.

Думаның ТМД, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс істерң бойынша комитетінің басшысы Леонид Слуцкий дауыс беруге дейін Арменияның ЕАЭО-ға кіруі - "одақ үшін маңызы бар оқиға" деп мәлімдеген. Бұған қоса Слуцкий Таулы Қарабахпен байланысты барлық дау шешіліп, Армения ЕАЭО-ға халықаралық деңгейде танылған шекарасымен кіретінін айтқан.

Арменияның ЕАЭО-ға кіруі туралы келісімге биыл қазанның 10-ында Минскіде Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армения президенттері қол қойған.

Желтоқсанның 4-інде келісімді Армения парламенті мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG