Accessibility links

Бірінші шешен соғысына - 20 жыл


Бірінші шешен соғысы кезіндегі Грозный қаласы. Желтоқсан, 1996 жыл. (Көрнекі сурет).

Бірінші шешен соғысы кезіндегі Грозный қаласы. Желтоқсан, 1996 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресейдегі бірінші шешен соғысының басталғанына 20 жыл толды.

1994 жылы желтоқсанның 11-інде Ресей президенті Борис Ельцин "Шешенстан республикасы территориясында заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қоғамдық іс-қимылды қамтамасыз ету шаралары туралы" жарлық шығарған. Сол күні Ресей әскері Шешенстанға басып кіріп, екі жылға жуық уақытқа созылған соғыс басталды. Соғыс ресми түрде "конституциялық тәртіпті қалпына келтіру" деп аталды.

Соғыстан ресми есеп бойынша 6 мыңға тарта Ресей сарбазы қаза тапты не із-түзсіз жоғалды. Шешенстан жағының адам шығыны он мыңдап саналады. "Мемориал" ұйымының дерегі бойынша, соғыстан 50 мыңға дейін бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Ресейде еске алмайтын бұл соғыстың салдары әлі күнге оңалған жоқ, соғыстың жай-жапсары әлі күнге толық ашылмаған. Әлеуметтік сауалнамалар тұрғындардың Шешенстаннан әлі де «әлдебір қауіп бар» деп ойлайтынын көрсетеді. «Левада-центр» ұйымының қараша айында жүргізген зерттеуі бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 49 пайызы Солтүстік Кавказдағы ахуалды «тыныш әрі жайлы» деп, 37 пайызы «шиеленісті» деп есептейді.

XS
SM
MD
LG