Accessibility links

Үрімжіде пәренжі киюге тыйым салды


Пәренжі киген ұйғыр әйелі. Үрімжі, 3 шілде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Пәренжі киген ұйғыр әйелі. Үрімжі, 3 шілде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытайдағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласында әйелдерге пәренжі киюге тыйым салған заң шықты. Үрімжідегі тұрақты комитеті кеше мақұлдаған бұл жарлықты жергілікті билік бүгін жария етті.

Биыл тамызда Шыңжаңның солтүстік-батысындағы Қарамай қаласында сақалы ұзын немесе мұсылманша киінген адамдардың автобусқа мінуіне тыйым салынған еді.

Мұсылман ұйғырлар көп тұратын Шыңжаңда биылдың өзінде бірнеше шабуыл жасалып, жүздеген адам қаза тапты. Пекин билігі аймақтағы кез-келген зорлық-зомбылықты тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін құруды көздейтін «содырлар» мен «сепаратистерге» жабады. Сарапшылар мен құқық қорғаушылар аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне ресми Пекиннің ұйғырларға қатысты қатаң саясаты себеп болып отырғанын айтады.

XS
SM
MD
LG