Accessibility links

Назарбаев Ресейде "Жыл адамы" атанды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде "Жыл адамы - 2014" сыйлығының лауреаты атанды. Бұл сыйлықты 1993 жылы Орыс биографиялық институты мен экономикалық стратегия институты ресейлік федеральдық телеарналардың және ақпарат құралдарының қолдауымен тағайындаған.

Ұйымдастырушылар президент Назарбаевқа бұл сыйлық Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) құрудағы еңбегіне байланысты берілгенін айтады.

ЕАЭО-ны құрудағы еңбегі үшін Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко да "Жыл адамы" атанған. Лауреаттар арасында Армения президенті Серж Саргсян мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин да бар.

Лауреаттарға диплом мен Күміс крест тапсырылады.

XS
SM
MD
LG