Accessibility links

Гонконгте полиция шерушілер лагерін бұза бастады


Полиция үкіметке қарсы шерушілердің лагерін бұзып жатыр. Гонконг, 11 желтоқсан 2014 жыл.

Полиция үкіметке қарсы шерушілердің лагерін бұзып жатыр. Гонконг, 11 желтоқсан 2014 жыл.

Гонконг полициясы шерушілер құрған шатыр қалашықтарының бірін бұзды. Құқық қорғау органдары демонстранттарға жарты сағат ішінде қалашықты тастап кету туралы ультиматум қойып, талап орындалмаған жағдайда қамауға алынатындарын ескертті.

Шерушілердің көпшілігі лагерді тастап кетті. Кейбір шерушілер полицияның ескретуіне қарамастан лагерде қалып қойған. Полиция талапқа бағынбаған жүзден астам адамды тұтқындады. Ұсталғандар арасында оппозицияшыл екі депутат пен медиа магнат та бар.

Қытайдың ерекше аймағы Гонконгте 2017 жылы өтетін аймақ басшысы сайлауының демократиялық жолмен еркін өтуін талап еткен наразылық шеруі қыркүйектің соңында басталып, екі айдан аса уақытқа жалғасты.

Гонконг шеруінде қойылған талаптың Бүкілқытайлық халық жиынында қабылданған шешімге қайшы екенін алға тартқан Қытай үкіметі сайлауға түсетін кандидаттарды өзі ұсынғысы келеді.

XS
SM
MD
LG