Accessibility links

Польша: Балтық теңізінде Ресей әскери белсенділігі артты


Польша қорғаныс министрі Томаш Семоняк.

Польша қорғаныс министрі Томаш Семоняк.

Польша қорғаныс министрі Томаш Семоняктің айтуынша, Балтық теңізінде Ресей әскерилерінің "белсенділігі" соңғы кезде күшейе түскен.

Польшалық телеарналардың біріне берген сұхбатында Семоняк "теңізде Ресейдің Балтық флоты мен әскери-әуе күштері маневерлер жасауды жиілетті" деген. Семоняк "Польшаға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын, ал Ресей әскерінің теңіздегі белсенділігі НАТО реакциясын тексеру әрекеті болуы мүмкін" екенін айтады.

Семоняк бұған қоса, "Польшаның аймақтағы жағдай шиеленісе бастағандықтан, АҚШ-тан алыс радиусты зымырандар сатып алуға шешім қабылдағанын" айтқан. Польша F-16 жойғыш ұшақтарының үш эскадронына арнап, АҚШ-тан құны 250 милилон АҚШ долларына "жер-ауа" санатындағы 40 зымыран сатып алмақ.

XS
SM
MD
LG