Accessibility links

Еурокомиссия әуе компаниялары "қара тізімін" жаңалады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Air Astana компаниясынан басқа қазақстандық барлық әуе компанияларына Еуропа әуе кеңістігінде ұшуына тыйым салынды.

Еуропа комиссиясының желтоқсанның 11-індегі жаңартылған тізімінде әлемде барлығы 308 әуе компаниясының Еуропада ұшуына тыйым салынған.

Еурокомиссия таратқан ақпаратта Еуропада ұшақтарының ұшуына рұқсат етілген қазақстандық жалғыз компания - Air Astana бірқатар шектеулермен жұмыс істейтіні Еуропа Одағы (ЕО) елдеріне ұшу үшін "белгілі бір ұшақ түрлерін" ғана пайдалана алатыны айтылады.

Еуропада ұшуына тыйым салынған компаниялар арасында Ауғанстан, Ангола, Конго, Қырғызстан, Либерия, Мозамбик және басқа да елдердің жолаушылар тасымалдаушы компаниялары бар.

Қазақстандық әуе компнаиялары Еуропа комиссиясының "қара тізіміне" алғаш рет 2009 жылы ілінген. Еуропа комиссиясы бұл тізімді әр үш ай сайын қайта қарап отырады.

XS
SM
MD
LG