Accessibility links

Қазақ тілі Google Translate қызметіне енгізілді


Google Translate жүйесіндегі аударма.
Google Translate жүйесіндегі аударма.

Бүгін әлемдік тегін аударма жүйесі - Google Translate қызметіне қазақ тілі енгізілді. Енді Google Translate жүйесі арқылы әлемнің 90-ға тарта тілінен мәтіндерді қазақ тіліне және кері аударма жасауға болады.

Аударма жүйесі компьютер мен мобильдік құрылғыларда бірдей жұмыс істейді.

Қазақ тілін Google Translate-ке енгізу жұмыстары бірнеше жыл бұрын басталған. Былтыр Google компаниясы қазақ тілін сервиске енгізу бойынша тестілеуді бастаған. Компания қандай да бір тілді аударма жүйесіне қосу үшін нақты бір ғана ұйыммен ынтымақтаспайды, аударма сапасын жақсартуға ниет білдірген барша еріктілерден аударма қабылдай береді. Кейін ерікті сарапшылардың көмегімен ең үздік аударма үлгілерін сұрыптап алады.

Google компаниясы қазақстандықтарды қазақ тілінде тәржіме жасау сапасын жақсартуға үлес қосуға, аудармадағы қателіктерді байқаған жағдайда оны түзетуге шақырады.

XS
SM
MD
LG