Accessibility links

Мәскеу соты Савченконың шағымын қарамайды


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко Ресей сотында. Мәскеу, 11 қараша 2014 жыл.
Украиналық ұшқыш Надежда Савченко Ресей сотында. Мәскеу, 11 қараша 2014 жыл.

Мәскеу қалалық соты украиналық ұшқыш Надежда Савченконың Басман аудандық сотының өзін қамауға алу мерзіміні ұзарту шешіміне берген шағымын қарастырмайтын болды. Сот өкілі кейбір процессуалдық заң бұзушылықтарға байланысты шағым желтоқсанның 15-і күнгі қараудан алынып тасталғанын айтады. Заң бұзушылықтар түзелгеннен кейін шағымды қарайтын күн белгіленбек.

Қазанның 27-сінде Мәскеудің Басман аудандық соты Савченконы қамау мерзімін 2015 жылғы ақпанның 13-іне дейін созған.

Ресей билігі Надежда Савченконы Украинаның Луганск қаласының түбінде екі журналисті өлтірді деп айыптайды. Савченко айыбын жоққа шығарып, өзін сепаратистер ұстап алып Ресейге жеткізгенін айтады.

Қазанның 26-сында Украинада өткен парламент сайлауында Надежда Савченко Юлия Тимошенко басқаратын "Батъкившина" партиясының тізімі бойынша парламентке өткен.

XS
SM
MD
LG