Accessibility links

Назарбаев: Жұмысшылардың жағдайын жақсарту қажет


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Арселор Миттал" компаниясында еңбек ететін жұмысшылар қысқартуға ұшырап я жалақыларын алмаған жағдайда "өзіне тіке айтуына болатынын" мәлімдеді деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Президент Назарбаев бұл жайында "Арселор Митталдың" төрағасы және атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездескенінде айтқан.

Кездесуде компания өнімдерінің бағасы қымбаттауына байланысты табыстың да көбейе түскенін айтқан президент Назарбаев "жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жасау маңызды" екенін ескерткен.

Лакшми Миттал "соңғы төрт жылда әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан компанияның үнемі кеңейіп келе жатқанын" айтқан.

Компания жұмысшылары бұған дейін жұмыста денсаулықтарын нашарлатқаны үшін берілетін өтемақыны алмағанын даулап, оған үкімет араласқан.

XS
SM
MD
LG