Accessibility links

"Украинада соғысты" делінген қазақстандық сотталды


Украинадағы ресейшіл сепаратистер. Луганск, 28 қазан 2014 жыл.

Украинадағы ресейшіл сепаратистер. Луганск, 28 қазан 2014 жыл.

Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық 2-соты "Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқаны үшін" айыпталған 30 жастағы Евгений Вдовенконы 5 жылға соттады.

Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған адвокат Талғат Ахтановтың айтуынша, сот Вдовенконы қылмыстық кодекстің 161-бабы ("шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу") бойынша кінәлі деп тауып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге бұйырған.

Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, айыптау қорытындысында Евгений Вдовенконың «Луганскіде сепаратистер қатарында қақтығыстарға қатысып, қару қолданғаны, бекеттерді күзеткені, қаланы бақылағаны, тағы басқа тапсырмаларды орындағаны» туралы жазылған.

Айыпталушы сотта "ВКонтакте" әлеуметтік желісі арқылы белгісіз адамдармен танысып, солардың көмегімен Луганскіге жеткенін, ол жақта алғашқы әскери дайындықтан өткенін, қақтығыстарға қатыспағанын, жай ерікті ретінде "бейбіт халыққа көмектескісі" келгенін айтқан.

"Вдовенко үкіммен келіспейді. Үкімге қатысты шағым түсіреміз" деді оның адвокатыТалғат Ахтанов.

Бұған дейін Қазақстанның бас прокуратурасы азаматтарының өзге елдерде болып жатқан қарулы қақтығыстарға, оның ішінде Украинаның оңтүстік-шығысындағы соғысқа да қатысып жатқаны туралы деректер барын, кейбір істер бойынша сот үкімдері де шығып қойғанын мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG