Accessibility links

АҚШ биржаларында акциялар құлдырады


АҚШ-тағы қор биржаларының бірі. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тағы қор биржаларының бірі. (Көрнекі сурет)

АҚШ қор биржаларындағы саудада жұма, 12 желтоқсан күні негізгі индекстердің құлдырауы байқалды. АҚШ-тың ірі 30 корпорациясын қамтитын Нью-Йорктегі Dow Jones индексі 315 пунктке, яғни екі пайызға жуық төмендеді. Жоғары технологиялық компаниялардың акцияларын сататын NASDAQ индексі 1,2 пайызға төмендеген. Ал S&P индексі 500 пунктке, яғни 1,6 пайызға құлдырады.

Сарапшылар акциялар бағасының арзандауын мұнай бағасының құлдырауы және мұнайға деген сұраныстың азаюымен байланыстырады. Осының кесірінен әлемнің бірқатар аймақтарындағы экономикалық өсім баяулаған. Wall Street Journal-дың жазуынша, мұның ең алдымен Қытай экономикасының өсіміне кері әсері тиген. Жұма күні жарияланған деректерге қарағанда, Қытайдағы өнеркәсіп өсімі қараша айында болжаулы межеден аса алмаған.

Wall Street Journal көптеген инвесторлардың "экономикалық өсімнің баяулауы Еуропа елдерінде, Жапонияда, АҚШ-та да басталады деп қауіптенетінін" жазады. Осыған орай олар өздерінің өнеркәсіптік компаниялардың акцияларына құйған ақшаларын алып, қауіп аз деген облигацияларға салып жатыр.

XS
SM
MD
LG