Accessibility links

Семейде 30 үйді су алып, 50-дей адам көшірілді


Семей. (Көрнекі сурет)
Семей. (Көрнекі сурет)

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті "Семейдегі Восточный (Шығыс) ауылындағы 30 шақты үйді (ауланы) су алғанын" хабарлады. Төтенше жағдай Ертіс өзеніне мұз кептеліп қалғаннан болған.

Департамент ақпаратына қарағанда, 48 адам (алты бала бар), 15 ұсақ мал, 4 көлік қауіпсіз жерге көшірілген. 7 үйдің тұрғындары (8 адам) эвакуациядан бас тартқан. Қазір ол жердегі тәртіпті полиция бөлімшелері қадағалап тұр. "Семей" қонақүйі мен "Құрылысшы профилакториінен" 100 адамға арнап, екі уақытша қоныстандыру пункті ашылған. Тамақтандыру ісі де ұйымдастырылған.

Адам шығыны, жарақат алғандар жоқ. Қазір Ертістің суы қайта бастаған.

XS
SM
MD
LG