Accessibility links

Алматыда Мәсімов Медведевпен кездесті


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Ресей үкімет басшысы Дмитрий Медведев. (Көрнекі сурет)
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Ресей үкімет басшысы Дмитрий Медведев. (Көрнекі сурет)

Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты 13 желтоқсан күні Кәрім Мәсімов пен Ресей үкімет басшысы Дмитрий Медведевтің Алматыда кездескенін хабарлады.

Сайт ақпараты бойынша, "Кездесу кезінде екі елдің үкімет басшылары Ресей мен Қазақстанның екіжақты сауда-экономикалық мәселелерін, соның ішінде электр энергетикасы, мұнай-газ, көлік тасымалы және ғарыш салаларындағы ынтымақтастығын талқылаған".

Ал Ресей премьер-министрінің ресми сайтында олардың "Кеден Одағы және Еуразия экономикалық одағы аясындағы екі елдің бірлескен әрекеттерін талқылағаны" жазылған.

Еуразия экономикалық одағы (Кеден Одағының кеңейтілген нұсқасы - ред.) жаңа жылдан бастап іске қосылады.

XS
SM
MD
LG