Accessibility links

Ресей әскери ұшағы жолаушылар лайнерін қағып кете жаздады


Ресей әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

Ресей әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

12 желтоқсан күні Ресей әскери ұшағы жолаушылар лайнерімен соқтығысып қала жаздады.

Оқиға Швецияның аспан кеңістігінде болған. Осы елдің қорғаныс министрлігі өкілдері 13 желтоқсан күні Ресей әскери ұшағының коммерциялық жолаушылар ұшағын қағып кете жаздағанын хабарлады. Жолаушылар ұшағы Копенгаген қаласынан ұшып шыққан.

Швецияның әскери-әуе күштерінің басшысы, генерал-майор Микаэл Байден "Ресей әскери ұшағы радарға түсіп қалмау үшін транспондерін өшіріп ұшқанын" айтады.

Швецияның қорғаныс министрі Петер Хультквист оқиғаны "қауіпті және орынсыз оқиға" деп бағалады. Министр швед радиосына "Бұл - Ресейдің барлаушы ұшағы. Біз оны швед жойғыш ұшақтарын жіберіп, анықтадық. Бұл қауіпті" деген.

Швецияның әскери шенеунігі Даниель Йозефсон "жолаушылар ұшағына алдынан белгісіз ұшақ шығуы мүмкін екені жердегі бекеттен ескертілгенін" айтады.

Ресей қорғаныс министрлігі 12 желтоқсан күні әскери ұшақтарының Швеция әуе кеңістігіне кіргенін теріске шығарды.

Жолаушылар ұшағында қанша адам болғаны әзірге белгісіз. Наурыз айында Ресейдің әскери ұшағы Копенгагеннен шыққан SAS әуе-компаниясы ұшағының қасынан 100 метр жақын ұшып өткен еді. Ол жолы да транспондердің өшірулі болғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG