Accessibility links

Швеция депутаты: Ресей халықаралық әуе құқығын бұзды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Жұма күні Швеция әуе кеңістігінде болған инцидент швед депутаттарын да наразы етті. 12 желтоқсан күні осы елдің әуе кеңістігінде Ресейдің әскери ұшағы жолаушылар лайнерін қағып кете жаздаған еді.

Швеция парламентінің қорғаныс комитеті төрағасы Аллан Видман "Швецияның Еуропа Одағына Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы ұсыныс түсіруі керек екенін" мәлімдеген.

Ол Швеция сыртқы істер министрі Маргот Вальстрёмге де Ресей елшісін шақырып, Ресейге наразылық нотасын тапсыруға кеңес берді.

Видманды Ресей әскери ұшағының транспондерді өшіріп қойып ұшқаны ашуландырған. Құрылғы өшірілген жағдайда әуежайлар ол ұшақты көрмейді. Бұл халықаралық әуе құқығын өрескел бұзу болып саналады.

"Жолаушылар ұшақтарын мұндай қауіптен сақтаудың қамын ойластыруымыз керек. Өйткені Ресей шектен шығып барады, бандит сияқты әрекеттер жасап, апта сайын әйтеу бір кикілжің шығаратын болды. Осы қылықтарымен бізді арандатып, шатақ шығара алмай отыр. Ресей Швецияны НАТО-мен жақындасудан сақтандырмақшы» дейді швед депутаты.

Швецияның қорғаныс министрі Петер Хультквист оқиғаны "қауіпті және орынсыз оқиға" деп бағалады. Министр швед радиосына "Бұл - Ресейдің барлаушы ұшағы. Біз оны швед жойғыш ұшақтарын жіберіп, анықтадық. Бұл қауіпті" деген.

XS
SM
MD
LG