Accessibility links

Назарбаев: Ресей мен Қазақстанның сауда-саттық көлемі азайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуінде қазіргі уақытта екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі біршама азайғаны байқалғанын мәлімдеді.

- Бірақ бұл тенденция негізінен қаржы айналымы жағынан байқалып отыр. Негізі тауар айналымы артып, бірлескен кәсіпорындар дамып жатыр. Баға мәселесі шешілгенде, сауда-саттық көрсеткіші біршама жақсарады. Ортақ кеден шекарасы адамдар мен жүктердің еркін қозғалысы біздің елдеріміз үшін үлкен игілік болып отыр, - деді Назарбаев.

Медведев кездесуде келесі жылы Еуразия экономикалық одағы жұмыс істей бастайтынын еске салған. Кеден Одағының (КО) кеңейтілген нұсқасы - Еуразия экономикалық одағына Ресей, Қазақстан және Беларусь кіреді. Қазан айында Армения осы одаққа кіру келісіміне қол қойған. Келесі жылға дейін Қырғызстан да одаққа кірмек ниетте.

XS
SM
MD
LG