Accessibility links

Байқоңырдан "Протон-М" ұшырылды


Ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылуы. Байқоңыр, мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылуы. Байқоңыр, мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Байқоңыр ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша бүгін таңғы сағат 6.16-да ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы телекоммуникациялық "Ямал-401" ғарыш аппаратын алып ұшты, деп хабарлайды "Роскосмос" агенттігі.

""Бриз-М" үдеткіш блогы мен "Ямал-401" аппараты зымыран тасығыштан ұшырылғаннан шамамен 10 минуттан соң ажырауы тиіс. Ал "Ямал-401" аппараты жоспар бойынша "Бриз-М" үдеткіш блогынан Астана уақыты бойынша сағат 15.17-де ажырауы тиіс" делінген "Роскосмостың" ресми сайтында.

Ресейдің "Газпром - ғарыштық жүйелер" спутниктік байланыс операторына тиесілі "Ямал-401" аппараты Еуропа мен Азияға байланыс және телехабарлар сигналдарын ретрансляция жасайды.

XS
SM
MD
LG