Accessibility links

Қазақстан мен Қытай ядролық отын өндіретін зауыт салмақ


"Қазатомпром" компнаиясы жұмысшысы өндірілген уран кенін тексеріп тұр. (Көрнекі сурет).

"Қазатомпром" компнаиясы жұмысшысы өндірілген уран кенін тексеріп тұр. (Көрнекі сурет).

Астана мен Пекин Қазақстан территориясында атом электр станцияларына арналған ядролық отын өндіретін бірлескен кәсіпорын ашу туралы келісім жасасты деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.

Қытай премьер-миинстрі Ли Кэцяннің Қазақстанға сапары аясында "Қазатомпром" компаниясының басшысы Нұрлан Қаппаров пен Қытай бас ядролық-энергетикалық корпорациясының басшысы Чжан Шанминь ядролық энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету туралы келісімге қол қойған.

Қордың ақпаратына қарағанда, құжатта Қазақстан аумағында Қытай мен өзге елдердің АЭС-теріне арналған ядролық отын өндіретін және уран өңдейтін бірлескен зауыт салу жайы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG