Accessibility links

Астанада ШЫҰ жиыны өтіп жатыр


Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысушылар. Душанбе, 11 қыркүйек 2014 жыл.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысушылар. Душанбе, 11 қыркүйек 2014 жыл.

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер үкімет басшылары кеңесінің жиыны өтіп жатыр деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Жоспар бойынша, кездесуде ШЫҰ үкімет басшыларыұйымға мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайту жайын талқылайды. Бұдан өзге, премьерлер әлемдік және аймақтық экономикада болып жатқан өзгерістерге байланысты өзара іс-қимылды тереңдету жөніндегі алғашқы қадамдар жайын да келіспек.

Жиын қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике қабылданбақ.

ШЫҰ – тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық халықаралық ұйым. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше.

XS
SM
MD
LG