Accessibility links

Назарбаев: Экономикалық дағдарыстан бюджет қысқарады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 15 желтоқсан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 15 желтоқсан 2014 жыл.

"Әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты Қазақстан бекітілген бюджет қысқартуға мәжбүр болады" деп мәлімдеді бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Астанада Тәуелсіздік күніне орай сөйлеген Назарбаев "Қазір қиын кезең туып тұр. Дағдарыс пен санкция салу саясаты әлем экономикасына төнетін қауіпті күшейтіп тұр. Біз әлем экономикасымен тығыз байланыстамыз. Біз де ендігі бекітіліп қойылған бюджеттің шығыс бөлігін азайтуға тиіспіз. Бірақ бұл қысқарту әлеуметтік шығындарға тимейді",- деді Назарбаев.

Президент бұған қоса үкімет пен Ұлттық банк алдында экономиканы долларсыздандыру және инфляцияны бақылауда ұстау міндеттері тұрғанын және оның "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатының негізгі бөлігі болуы тиіс екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG