Accessibility links

Мухортованы ауруханадан үйіне жіберді


Зинаида Мухортова. Астана, 8 қазан 2013 жыл.

Зинаида Мухортова. Астана, 8 қазан 2013 жыл.

Балқаш қаласының психиатриялық-неврологиялық диспансері 15 желтоқсанда адвокат Зинаида Мухортованы үйіне жіберді. Заңгер бұл емдеу мекемесіне биылғы шілденің басында күшпен жатқызылған еді.

Қазақстанның адам құқықтары бюросы Астана филиалының жетекшісі Анар Ибраеваның сөзінше, диспансердің бас дәрігері Рысбек Исақов Балқаш қалалық сотына Мухортованы күшпен емдеуді тоқтату туралы талап-арыз түсірген.

- Ол (Мухортова - ред.) күн сайын жұмыс күндері ауруханаға барып белгіленіп тұрады. Оны емдеу демалысына жіберген, демалыс күндері үйінде болады. Мухортова күн сайын барып белгіленіп тұрам деп қолхат берген, - деді Анар Ибраева Азаттыққа.

Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының психиатриялық диспансеріне 57 жастағы адвокат Зинаида Мухортова кезекті мәрте биылғы шілде айында түскен. Мухортованы қудалау 5 жыл бұрын басталған еді. 2009 жылы адвокат қаланың бес тұрғынымен бірге президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және "Нұр Отан" партиясына осы аймақтан сайланған депутат Ерлан Нығматулиннің үстінен шағым жазған. Тұрғындар депутатты "сот ісіне араласады" деп айыптаған. Кейін арыз жазушылар қылмыстық жазаға тартылған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG