Accessibility links

Бүгін - Қазақстан Тәуелсіздігінің күні


Бүгінде қазақ-британ универсиеті орналасқан бір кездегі Жоғарғы Кеңес ғимаратында Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған болатын.

Бүгінде қазақ-британ универсиеті орналасқан бір кездегі Жоғарғы Кеңес ғимаратында Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған болатын.

1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі" туралы конституциялық заңы" қабылданып, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.

Содан бері 16 желтоқсан Қазақстан Тәуелсіздігінің күні ретінде атап өтіледі.

Одан бұрын, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан парламенті "Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация" қабылдады. Арада бір жыл өтіп 16 желтоқсанда Қазақстан Кеңес Одағының құрамында болған елдердің ішінде ең соңғы болып өз тәуелсіздігін жариялады.

Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет, өнер, әдебиет қайраткерлері түрлі мемлекеттік сыйлықтар, орден-медалдармен марапатталды. Бұл күнге ел қалаларында түрлі мерекелік шаралар жоспарланған.

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанды бір ғана президент, қазір 74 жастан асқан Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келеді. СССР орталығы болған Мәскеу Назарбаевты 1989 жылы Қазақ ССР бірінші хатшысы етіп тағайындаған.

XS
SM
MD
LG