Accessibility links

Әсем Кенжебаева жерленді


Әсем Кенжебаеваның жаназасына жиналған жұрт. Қызылсай ауылы. Маңғыстау облысы. 16 желтоқсан, 2014 жыл.
Әсем Кенжебаеваның жаназасына жиналған жұрт. Қызылсай ауылы. Маңғыстау облысы. 16 желтоқсан, 2014 жыл.

Бүгін Әсем Кенжебаева Маңғыстау облысындағы туған ауылы Қызылсайға жерленді.

Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады. 24 жасында Алматы ауруханасында қайтыс болған Әсемнің артында бес жасар ұлы қалды.

Медициналық қорытынды бойынша, Әсем Кенжебаева желтоқсанның 13-інде өкпе ауруынан және миы ісіп қайтыс болған.

Әсем Кенжебаева 2011 жылдың желтоқсанында мәскеулік «Новая газеті» басылымының тілшісі Елена Костюченкоға әкесі Базарбай Кенжебаевтың Жаңаөзен қаласындағы тергеу абақтысындағы азаптаудан алған ауыр жарақатынан қайтыс болғанын айтқан әрі қазасынан екі күн бұрын әкесін журналистке көрсеткен. Осыдан соң оның әкесінің қайғылы қазасы халықаралық құқық қорғау ұйымдарына белгілі болған. Жаңаөзенде 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні шеруге шыққан жұртқа полиция оқ атқан еді.

Әсем Кенжебаеваның өзі де әкесінің өлімін әділ тексеруді және оған кінәлі адамдарды жазалауды талап етіп, танылған. Жаңаөзен ісі бойынша өткен сотта Әсем Кенжебаева куәгер ретінде жауап берген.

Әсем Кенжебаеваның өзі 2011 жылдың 16 желтоқсанында сол күні жоғалған әкесін іздеп шығып, уақытша қамау абақтысына түсіп азапқа ұшырағанына шағымданған. Кейін Азаттық тілшісіне берген сұхбатында ол сол кезде жеген соққысынан бүйректері ауыратынын, бірақ соған қарамастан сол уақытта Кенжебаевтар отбасының асыраушысы бір өзі болып қалғандықтан жұмыс істеп жатқанын айтқан.

2012 жылы Әсем Кенжебаева отбасы әкесінің азаптаудан кұз жұмғанына тиісті түрде өтемақы төленбегеніне шағымданып, үйінің мұқтаждықтан арыла алмай отырғанын айтқан.

201 жылы Әсем Кенжебаеваның анасы Тілектес Кематбаева да ауыр науқастан қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG