Accessibility links

2014 жылы 66 журналист қаза тапқан


Бірер жыл бұрын Йеменде ұрланған журналист Люк Сомерс өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты. 4 желтоқсан 2014 жыл. (Видеодан алынған сурет)
Бірер жыл бұрын Йеменде ұрланған журналист Люк Сомерс өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты. 4 желтоқсан 2014 жыл. (Видеодан алынған сурет)

«Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымының 2014 жылғы есебінше, биыл әлемде 66 журналист қызметіне байланысты қаза тапқан. Былтыр бұл көрсеткіш 7 пайыз көп болған еді.

Ұйымның айтуынша, Сириядағы радикал топтардың журналистерді жазалауы қақтығыс аймағында жүрген тілшілердің қандай төтенше қауіпке душар болатынын көрсетеді.

Журналистердің ең көп қаза тапқан жері Сирияда - 15, Палестинада - 7, Украинада - 6, Иракта - 4 тілші мерт болған.

«Шекарасыз тілшілер» ұйымы дерегінше, 2014 жылы тілшілерді ұрлау оқиғасы 37 пайызға артып, 119 адам ұрланған.

Биыл Қытайда - 29, Эритреяда - 28, Иранда 19 журналист түрмеге қамалғанын айтқан ұйым Әзербайжанда тұтқындалған тілші, Азаттық авторларының бірі Хадиджа Исмаилованың ісін де сөз еткен.

XS
SM
MD
LG